Қазақстан елшісі Кыршехирде

Жансейіт Түймебаев Ахи Евран Университетіндегі конференцияға қатысты.

144374
Қазақстан елшісі Кыршехирде

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың артқанына назар аударып, «Елдеріміз арасындағы сауда көлемінің 15 миллиард долларға жеткізілуі мақсатына жылдан жылға жақындап келеміз» деді.


Түймебаев Ахи Евран Университеті Түркі әлемі қоғамдастығы тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні және Қазақстан-Түркия қатынастары» атты конференцияға қатысты. Осында сөйлеген сөзінде Кыршехир муниципалитетінің бастамасымен 2012 жылы қаланың маңызды даңғылына Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілгенін еске салған өкілетті елші «Бұл қадамды елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық пен Кыршехир қаласы тұрғындарының қазақ халқына деген сүйіспеншілігінің көрсеткіші деп қабылдаймыз. Ахи Евран Университеті әкімшілігінің шешімімен сол жылы университеттің маңызды залына «Қазақстан» есімінің берілуі де бізді қатты риза қылды» деді.


Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең үлкен көрсеткішінің 2009 жылы Қазақстан мен Түркия арасында стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойылуы болғанына назар аударған Түймебаев былай деді: «Енді қатынастарымыз тек бауырластық және достық өресінде емес, стратегиялық серіктестік деңгейінде жылжып келеді. Осының нәтижесі ретінде әсіресе соңғы 5-6 жылда елдеріміз арасындағы байланыстардың өресі тереңдей түсіп, жоғары деңгейдегі кездесулер саны артты. Тек бір жылдың ішінде мемлекет басшысы Назарбаев Түркияға екі мәрте келді. Бұл өте маңызды, Қазақстанның Түркияға берген мәнін көрсетеді. 2015 жылдың басында да Түркия Республикасының президенті Ердоған да Қазақстанға барады. Сонымен бірге 2012 жылы Қазақстан мен Түркия арасында жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуы елдеріміз арасындағы серіктестіктің дамуына мүмкіндік берді»


Конференцияда ТОBB Университеті оқытушысы Доц.др. Тогрул Исмаил мен Еуразия экономикалық ынтымақтастық қоғамының басшысы Хикмет Эрен баяндама оқыды.


Баяндамалардан кейін өкілетті елші Түймебаев Доц. Др. Күршат Зорлуға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің медалін табыс етті. Өкілетті елші сонымен бірге университет Түркі әлемі қауымдастығы тарапынан Түркі әлемі Қызмет сыйлығына лайықты деп табылған Түркия қазақтарының арасынан шыққан актер Бахадыр Хакімді марапаттады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар