Өзбекстан латын әліпбиіне өтеді

Өзбекстан үкіметі сатылы түрде латын әліпбиіне өтудің жол картасын бекітті.

1582579
Өзбекстан латын әліпбиіне өтеді

Өзбекстан 2023 жылдың 1 қаңтар күні толығымен латын әліпбиіне өтеді.

Өзбекстан үкіметі сатылы түрде латын әліпбиіне өтудің жол картасын бекітті.  Шешімге сай, 2023 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап елдегі барлық мекеме мен ұйымдардың істері мен ресми ісқағаздары латын әріптеріне негізделген әліпбимен атқарылады.

Айырықша елдегі барша баспасөз органдары,  электрондық медиа, ақпарат парақшалары, баспахана және баспалар да латын әріптеріне көшеді. Аталмыш күннен бастап куәліктер,  шетелдіктердің ықтиярхаттары, ресми қағаздар латын әріптерімен жазылады.  Барлық көше мен даңғылдардың аттары,  мекеме есімдері, ұрандар мен маңдайшалар, жарнама мен хабарландырулар да латын әліпбиінде дайындалатын болады.

Осы шеңберде елде латын әріптеріне негізделген өзбек әліпбиінің жазба еміле ережелері дайындалады.

Өзбекстанда қазір ісқағаздар кирилл әріптерімен жазылса, елдегі мектептерде латын әріптеріне негізделген өзбек әліпбиі үйретіледі.



Ұқсас жаңалықтар