Биыл Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Түркия 2023 жылдың алғашқы 5 айында 15 миллион 593 мың 489 қонақты қабылдады.

2003634
Биыл Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметі бойынша Түркияға келгендердің 14 миллион 34 мың 175-і шетелдіктер болса, 1 миллион 559 мың 314-і шетелде тұратын түрік азаматтар.

2023 жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде Түркияға келген шетелдіктер саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 23,65 пайыз артты.

Жылдың алғашқы 5 айында Түркияға ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Ресей 110,12 пайыздық өсіммен бірінші, Германия 20,75 пайыздық өсіммен екінші, Болгария болса 11,64 пайызбен үшінші орынды иеледі. Бұл елдерден кейін Ұлыбритания және Иран орын алуда.

Мамыр айында Түркияға келген шетелдіктер саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 16,19 пайыз артып, 4 миллион 500 мың 242 болды.



Ұқсас жаңалықтар