«Түрік тағамдары апталығы» басталды

Мыңдаған жылдар бойы сансыз өркениетке бесік болған көне қала Хатайдың тағамдары әлемге таныстырылады.

1989347
«Түрік тағамдары апталығы» басталды
turk mzutfagi istanbul havalimaninda.jpg
turk mutfagi istanbul havalimani.jpg

Стамбул әуежайында «Түрік тағамдары апталығы» басталды.

Президенттік аппараттың қолдауымен биыл екінші рет өткізілген іс-шараларда Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Шығармашылық қалалар желісі гастрономиялық қалалардың бірі Хатайдың асханасы негізге алынды.

Осылайша мыңдаған жылдар бойы сансыз өркениетке бесік болған көне қала Хатайдың тағамдары әлемге таныстырылады.

Түрік тағамдары апталығы аясында көптеген цифрлық жобалар жүзеге асырылады, пайдалы, қалдықсыз және дәстүрлі түрік тағамдары тақырыбына сәйкес рецепттер дайындалады, түрік аспаздарымен онлайн семинарлар ұйымдастырылады.

Биылғы Хатай мәзірінде бұрыш қосылған нан, зәйтүн салаты, гумус, арпа, науа кәуабы және кунефе болса, іс-шараларда түрік кофесі, түрік шайы және түрік дәмдері ұсынылады.

«Түрік тағамдары апталығы» 27 мамырда аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар