«Қураған шөптер» фильмі Канн кинофестивалінде

«Қураған шөптер» фильмі Франциядағы 76-шы Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» үшін жарысады.

1988885
«Қураған шөптер» фильмі Канн кинофестивалінде

Режиссер Нури Билге Жейланның «Қураған шөптер» фильмі Францияда 76-шы Канн кинофестивалінде алғаш рет киносүйерлерге ұсынылды.

TRT бірлесіп түсірген фильмде Стамбулға жұмысын ауыстыруды ойлаған Самет кейіпкерінің әңгімесі баяндалады.

«Алтын пальма бұтағы» үшін жарысатын 21 фильмнің арасында орын алған фильмнің баспасөз мәслихаты Жейлан, актерлер Мерве Диздар, Мусаб Екижи, Дениз Желилоғлу, Еже Багжы және сценарист Акын Аксудың қатысуымен өтті.

Фильмнің эпидемия кезінде түсірілгенін және оның әкелген қиындықтары болғанын атап көрсеткен Жейлан фильмді түсіру кезінде логикалық жұмыс жасамағанын және ішкі түйсігіне сүйенгенді жөн көргенін тілге тиек етті.

Жейлан фильмдегі Самет кейіпкерінің көңіл-күйі үшін түсірілімдер тыныш жерде болуы керек екенін білдіріп:

"Бақыт басқа жерде деген жұбаныш көпшілігімізге қатысты. Егер өз өмірімізге көңіліміз толмаса, біз қай жерде болсақ та, басқа жерде өмір сүру мүмкіндігі бізге жұбаныш сезіледі. Бұл үшін тым алыс жерге кету шарт емес" дейді.



Ұқсас жаңалықтар