Бетховеннің ауру жұқтырғаны белгілі болды

Зерттеу нәтижесінде сонымен қатар Бетховеннің асқорыту жүйесінде проблемалар болғаны анықталды.

1964249
Бетховеннің ауру жұқтырғаны белгілі болды
beethoven'in saci.jpg

Неміс пианист, әрі композитор Людвиг ван Бетховеннің бауыр ауруына бейім болғаны және қайтыс болмай тұрып бірнеше ай бұрын В гепатитін жұқтырғаны белгілі болды.

Бетховеннің жанкүйерлері естелік ретінде сақтап келген 8 түйір тал шашқа жүргізілген ДНК зерттеуі 1770 жылы Германияда дүниеге келген атақты композитордың қайтыс болу себебі туралы жаңа деректерді анықтады.

Кембридж университетінің зерттеу тобы шаш талдарынан геномдық дерек шығарып, цирроздан қайтыс болғаны белгілі пианисттің генетикалық тұрғыдан бауыр ауруына бейім екенін және өлімінен бірнеше ай бұрын В гепатитін жұқтырғанын ашып берді.

Зерттеуді жүргізген топтың мүшесі Тристан Бегг атақты композитордың алкогольді тым көп тұтынуына байланысты генетикалық факторлардың да  бауыр ауруына себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Зерттеу нәтижесінде сонымен қатар Бетховеннің асқорыту жүйесінде проблемалар болғаны анықталды.

20 жасынан кейін есту қабілетінен сатылай айрыла бастап, 1818 жылға дейін есту қабілетінен толығымен айрылып қалған Бетховеннің есту қабілетінің жоғалуының нақты себебін анықтау мүмкін болмады.

Германиядағы Макс Планк атындағы эволюциялық антропология институтынан Йоханнес Краузе зерттеуге қатысты мәлімдемесінде Бетховеннің өлімінің нақты себебін айту мүмкін емес екенін білдіріп, «Алайда тап қазір біз тұқым қуалатын ауыр қауіп болғанын екенін растай аламыз» деді.

Бетховен 1827 жылы Венада қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар