Месут Өзил футболды тастады

Өзил профессионалды футбол карьерасын аяқтауға шешім қабылдағанын білдірді.

1963823
Месут Өзил футболды тастады

Карьерасын «Медипол Башакшехир» командасында жалғастырып жатқан Месут Өзил әлеуметтік желіде футболдан кеткенін жариялады.

34 жасар Өзил терең ойланғаннан кейін профессионалды футбол карьерасын аяқтауға шешім қабылдағанын білдірді.

17 жылдан бері футбол ойнап келген түрік футболшы «Осы мүмкіндік үшін өте ризамын. Алайда соңғы апталарда және айларда кейбір жарақаттар болғандықтан футболдың сиқырлы әлемінен кетудің уақыты жеткені нақтыланды» деді.

Карьерасының керемет естеліктер және сезімдерге толы тамаша сапар болғанын айтқан Өзил өзі ойнаған «Schalke 04», «Werder Bremen», «Real Madrid», «Arsenal», «Fenerbahçe» ve «Medipol Başakşehir» командаларындағы барлық достарына алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар