Жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға ойыншық жіберіледі

Сербиядағы матчта жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға ойыншық жиналды.

1955730
Жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға ойыншық жіберіледі

Сербия Суперлигасының «Нови Пазар» мен «Радницки футбол» командалары арасындағы матч кезінде алаңға лақтырылған ойыншықтар орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жіберіледі.

Сербияда мұсылмандар тығыз орналасқан Санджак аймағының ең үлкен қаласы «Нови Пазар» қалалық стадионында ойналған матч алдында билеттер сатылмады. Жанкүйерлердің стадионға ойыншықтармен келулерін сұрады.

«Қол ұшын бер» қайырымдылық ұйымы тарапынан ұйымдастырылған шарада жанкүйерлер стадионға ойыншықтармен келді.  

Матч басталмас бұрын жанкүйерлер өздерімен бірге ала келген ойыншықтарын алаңға лақтырды. Қызметкерлер тарапынан жиналған бұл ойыншшықтар жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жіберіледі.

Матчты Түркияның Сербиядағы өкілетті және төтенше елшісі Хами Аксой мен Нови Пазар бас консулы Башар Башол да тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар