Түрік футболшы қайырымдылық науқанын бастады

Науқанға әлемге танымал футболшылар қолдау көрсетуде.

1944095
Түрік футболшы қайырымдылық науқанын бастады

«Италия А сериясының» командаларының бірі «Римде» ойнайтын аргентиналық жұлдыз Пауло Дибала түрік футболшы Мерих Демиралдың жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап  ұйымдастырған көмек науқанына қосылды.

Мерих Демирал өзінің әлеуметтік медиа аккаунтында: "Біз жаңа ғана Пауло Дибаламен сөйлестік. Ол Аргентина халқы атынан қайғысын жеткізді және бізбен бірге екенін айтты. Ол форма жіберіп, ақысын “Ahbap” қауымдастығына қайырымдылық ретінде жіберуді сұрады» деді.

Түрік  футболшы бұған дейін португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду мен итальяндық қорғаушы Леонардо Бонуччидің қолтаңбасы қойылған жейделерін қайырымдылық аукционы арқылы сатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар