2024 Олимпиада ойындары үшін дайындық
Францияның Есеп комитеті қауіпсіздік бойынша не істеу керектігін көрсететін баяндама жариялады.
2024 жылғы Париж Олимпиадасына байланысты назар Францияға ауды. Ұйымдастыру бойынша елде соңғы дайындық жұмыстары аяқталап қалды.
Францияның Есеп комитеті қауіпсіздік бойынша не істеу керектігін көрсететін баяндама жариялады. Баяндамада ойындардың ашылу салтанаты өтетін Сена өзенінің маңыздылығына назар аударылды.
Франция парламентіне берілген баяндамада 15 ұсыныс жасаған Есеп комитетінің Ұйымдастыру комитеті өз алаңдаушылығын білдірді. Француз есеп комитетінің басшысы Пьер Московичи 2024 жылы Парижде қауіпсіздік шаралары тұрғысынан көптеген қиындықтар күтіп тұрғанын айтты. Сена өзеніндегі ашылу салтанатына 60 мың адамның қатысуын күткендерін айтқан Московичи полиция күштерінің қайта қаржыландырылуы керектігін атап көрсетті.
2024 жылғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында болады.
Ұқсас жаңалықтар

Әнші Тейлор Свифт «Жыл адамы» атанды
«Time» журналының дәстүрлі «Жыл адамы» сауалнамасында биыл америкалық әнші Тейлор Свифт таңдалды.

Тарихи жәдігерлер қайтарылды
Туындылардың тапсырылуына орай Түркияның Нью-Йорк Бас консулдығында рәсім ұйымдастырылды.