Аргентина футболдан әлем чемпионы болды

Катарда футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

1920467
Аргентина футболдан әлем чемпионы болды
Arjantin, 2022 Dünya Kupası şampiyonu 1
Arjantin, 2022 Dünya Kupası şampiyonu 2
Arjantin, 2022 Dünya Kupası şampiyonu 3
Arjantin, 2022 Dünya Kupası şampiyonu 4
Arjantin, 2022 Dünya Kupası şampiyonu 5

Лусаил стадионында өткен матчты нәтижелі бастаған Аргентина 23-минутта әйгілі ойыншы Лионель Мессидің пенальтиден салған голымен 1-0 алға шықты.

Аргентиналықтар 36 минутта Ди Марияның өзі Уго Льорис қорғаған қақпадан саңылау тапты. Есеп айырмасын 2-ге жеткізді.

Бірінші таймды Аргентина 2:0 есебімен жақсы аяқтады.

Франция матчтың соңғы 10 минутында керемет камбэк жасады.

Екінші таймда франциялық Килиан Мбаппе дубль жасап, есепті теңестірді. Сөйтіп матч қосымша таймдарға ұласты. Осы кезде Месси өз командасын тағы алға жетелеп, есепті 3-2-ге жеткізді. Алайда Килиан Мбаппе есепті қайта теңестіріп, 3-3 қылды.

Бұл есеп 90-минутқа дейін өзгермей, финал қосымша уақытқа ұласты. Экстра таймның 109-минутында Месси тағы бір гол салып, Аргентинаны алға шығарды. Бірақ 118 минутта Мбаппе есепті тағы теңестірді. Бұл есеп ойын соңына (120 минутқа) дейін өзгерген жоқ.

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Аргентина төрт гол салса, аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинез франциялықтардың екі пенальтиін қайтарды. Осылайша әлем бұл финалда экстра таймды да, қосымша уақытты да көрді.

Аргентина құрамасы 1986 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды. Бұл команданың әлемдік мундиалдағы үшінші жеңісі.



Ұқсас жаңалықтар