Токио Халықаралық Кинофестивалі басталды

Фестивальде 107 ел мен аймақтан 1695 еңбектен іріктеліп алынған 15 фильм бас жүлде үшін сайысқа түседі.

1897406
Токио Халықаралық Кинофестивалі басталды

Жапонияның белгілі халықаралық кинематографиялық шараларының бірі Токио Халықаралық Кинофестивалі биыл 35-ші мәрте киносүйер қауыммен кездесті.

Фестивальде 107 ел мен аймақтан 1695 еңбектен іріктеліп алынған 15 фильм бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Жапон шығармаларының ішінде «Терезенің жанында» (модобенит), «Эгоист» (эгоисуто) және «Тау әйелі» (ямажу) фильмдері ерекше назар аударуда.

Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі болып саналатын және коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індетіне байланысты екі жылдан бері өткізілмей келген Токио Халықаралық Кинофестивалінде 169 фильм көрсетіледі.

Фестиваль 2 қарашада аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар