Әлемдегі ең ұзақ жарыс Нью-Йоркта өтті
Италиялық спортшы Андреа Маркато 5 мың шақырымға созылған жарысты 43 күнде аяқтады.
1894866

Әлемдегі ең ұзақ жарыс АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті.
Италиялық спортшы Андреа Маркато 5 мың шақырымға созылған жарысты 43 күнде аяқтады.
26-шы рет ұйымдастырылған жарысқа 10 елден 8 еркек және 3 әйел спортшы қатысты.
Ереже бойынша 52 күнде аяқталуы тиіс жекпе-жекте 43 күн, 3 сағат, 20 минут және 27 секунд уақытпен Андреа Маркато жеңіске жетті.
40 жастағы спортшы бұл процесте 13 жұп аяқ киімді ауыстырған.
Жолда жарыс кезінде 10 мың калория тұтынған итальяндық спортшы бұған қарамастан 13 келі арықтаған.
Ұқсас жаңалықтар

Мысырда байырғы қабір табылды
Мысырдың Саккара аймағында Птолемей және 30-шы Фараондар Хандығына жататын жаңа мұрағаттар табылды.