Хорватия «Дүниежүзілік галстук күні» аталды

Хорватияның астанасы Загребте «Дүниежүзілік галстук күні» тойланды.

1894913
Хорватия «Дүниежүзілік галстук күні» аталды

Хорватияның астанасы Загребте «Дүниежүзілік галстук күні» шарасы ұйымдастырылды.

Хорватияда 2008 жылдан бері жыл сайын 18 қазанда тойланып келе жатқан «Дүниежүзілік галстук күні» аясында ел астанасы Загребте салтанатты іс-шара өтті.

Халықтың қатысуы мол болған салтанатты шарада тарихта алғаш рет Хорватияда қолданылған галстуктың алғашқы нұсқасы елордадағы Бан Елачич мүсініне тағылды.

1600 жылдардың ортасында Хорватияда алғаш рет пайда болған галстукты әлі күнге дейін бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам іскерлік және жеке өмірде пайдаланып келеді.



Ұқсас жаңалықтар