Аланияда байырғы кеме жасау зауыты табылды

Алания қамалы архитектуралық құрылымдарымен, қабырғаларымен, кеме жасау зауытымен және Кызылкулемен назар аударады.

1893968
Аланияда байырғы кеме жасау зауыты табылды

Анталияның Алания ауданындағы тарихи Алания қамалының Кызылкуле алдындағы Согуккапы жағажайында су астында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Рим дәуіріне қарасты кеме жасау зауыты табылды.

Ұзақ жылдар бойы Рим, Византия, Селжук және Османлы өркениеттерінің мекені болған Алания қамалы архитектуралық құрылымдарымен, қабырғаларымен, кеме жасау зауытымен және Кызылкулемен назар аударады.

Эллинистік дәуірде түбекте 10 гектар аумаққа салынған және 6 шақырымдық қабырғалармен қоршалған Алания қамалы жергілікті және шетелдік туристер жиі келетін орындардың бірі.

Акдениз университетінің Ортағасырлық Археология факультетінің оқытушысы және Алания қамалы қазбасының жетекшісі профессор доктор  Осман Еравшар:

"Қазба жұмыстары кезінде су астынан римдік кеме жасау зауытының, яғни кемені айлаққа сүйреу заттары табылды. Теңіз толқынынан қорғалған кемежай орны анықталды" деді.

Рим дәуіріне тән екені межеленген кеме жасау зауыты немесе кеме жақындау орнының теңіздегі иірімді бір жерде екенін түсіндірген Еравшар:

"Теңіз суының астында жатқан кеме жөндеу зауыты Селжүк дәуірінде салынған Алания кеме жөндеу зауытының көлеміне жақын. Біз алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар арқылы осы аймақтың өлшемдері мен сәулет құрылымын анықтағымыз келеді» деді.

Еравшар Османлы дәуіріне жататын бір мекенде бастапқы еркін жобалау туралы мәліметтерді де тапқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар