Гүлсевин: "Түрік тілі әлемдік тілге айналды"

Түрік тілі қоғамы төрағасы түрік тілінің әлем жастары үйренген 5-ші тілге айналғанын мәлімдеді.

1891107
Гүлсевин: "Түрік тілі әлемдік тілге айналды"

Түрік тілі қоғамы төрағасы, профессор доктор Гюрер Гүлсевин түрік тілінің әлем жастары үйренген 5-ші тіл екенін айтты.

Күтахияда өткен «Әлем тілі түрікше» атты конференцияға қатысқан Гюрер Гүлсевин түрік тілінің әлемдік тілге айналғанын білдірді.

Гүлсевин түрік тілінің тарихтың ең ерте кезеңдерінен бері жазу да, әдебиет те, мемлекеттік, ресми және оқу тілі екенін де атап көрсетті.

Гүлсевин «Түркияның экономикасы, әскери қуаты және мәдени күшімен, әсіресе туысқандық географиясынан бастап, орыстардан, арабтардан бастап, бүкіл Оңтүстік Америкаға дейінгі абыройы атағы түрік тіліне бағытталған сұранысқа айналды» деді.

Профессор Гүлсевин әлем жастарының үйренгісі келетін бесінші тілінің түрік тілі екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар