Нобель Физика сыйлығын үш ғалым бөлісті

Нобель Физика сыйлығын Ален Аспектке, Джон Ф.Клаузер және Антон Цайлингер иеледі.

1888264
Нобель Физика сыйлығын үш ғалым бөлісті

2022 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығы француз физигі Ален Аспектке, американдық теориялық және эксперименталды физик Джон Ф.Клаузерге және австриялық кванттық физик Антон Цайлингерге кванттық механикадағы жұмыстары үшін берілді.

Швеция Корольдік Ғылым академиясында өткен баспасөз мәслихатында бұл сыйлықтың үш ғалымға «Түйіскен фотондармен эксперименттер, Белл теңсіздіктерінің бұрмалануын көрсету және олардың кванттық ақпараттану ғылымындағы бастамашылықтары» атты еңбектері үшін берілгені жарияланды. 

Мәлімдемеде осы жаңашыл сынақтарымен Ален Аспектке, Джон Ф.Клаузер және Антон Цайлингердің түйіскен бөлшектерді бақылау және зерттеу мүмкіндігінің бар екенін көрс еткені білдірілді.

Физика бойынша Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері физика саласында адамзатқа елеулі үлес қосқан тұлғаларға жыл сайын беріледі.



Ұқсас жаңалықтар