Жаңа бір астероид анықталды

Жер шарына жақындап келе жатқан жаңа астероид "2022 SE37" анықталғаны білдірілді.

1887688
Жаңа бір астероид анықталды

Диаметрі жарты шақырымдай астероидтың Жер шарына қарай жылжып келе жатқаны, алайда шұғыл  қауіп төндірмейтіні жарияланды.

"Келдыш" атындағы Ресей қолданбалы математика институтының ғалымдары әлеуметтік желідегі парақшаларында жасаған мәлімдемесінде:

«1 қазанға қараған түні Ресейдің оңтүстігіндегі екі обсерватория Жер шарына жақындап келе жатқан жаңа астероид "2022 SE37" анықталғанын растады» деп көрсетті.

Аталмыш  астероидтың қауіп төндірмейтіні атап өтілді.

ТАСС агенттігіне сұхбат берген астроном Юрий Балега:

"Бұл қазірдің өзінде Жер шарының айналасында анықталған 30 мың астероидтардың бірі. Ол біздің ғаламшарымыздан миллиондаған шақырым қашықтықта ұшып келеді және Жер шарына ешқандай қауіп төндірмейді" деді.



Ұқсас жаңалықтар