«Союз МС-22» Байқоңырдан ұшырылды

«Союз МС-22» ғарыш көлігінің ұшырылу сәті Роскосмос пен НАСА-ның әлеуметтік желілердегі ресми сайттарында тікелей көрсетілді.

1883262
«Союз МС-22» Байқоңырдан ұшырылды

Ресей ғарышкерлері Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Франсиско Рубионы тасыған ресейлік «Союз МС-22» ғарыш көлігі Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшырылды.

Ресей Федералдық Ғарыш агенттігі "Роскосмос" пен Америка Құрама Штаттарының Аэроғарыш агенттігі (НАСА) арасында қол қойылған бірлескен өзара ұшулар туралы келісім аясында алғашқы ғарыштық ұшуды Түркия уақытымен 21 қыркүйек күні сағат 16:54-те Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырды.

«Союз МС-22» ғарыш көлігінің ұшырылу сәті Роскосмос пен НАСА-ның әлеуметтік желілердегі ресми сайттарында тікелей көрсетілді.

Халықаралық Ғарыш станциясында 188 күн тұратын Ресей ғарыш командасы осы уақыт ішінде 5 рет ғарыштық серуенге шығады.



Ұқсас жаңалықтар