Феттель спорттан кетеді

"Менің басымдылығым - отбасыма көбірек уақыт бөлу" деді ол.

1860839
Феттель спорттан кетеді

«Формула-1»-де  «Астон Мартин» командасының неміс жүргізушісі Себастьян Феттель маусымның соңында спорттағы карьерасын аяқтауды шешкенін мәлімдеді.

«Формула-1» жарысынан кететінін Instagram парақшасында жариялаған 35 жастағы Феттель: «Зейнетке шығу мен үшін көптен бері ойлаған және қабылдау қиын болған шешім болды. Менің басымдылығым - отбасыма көбірек уақыт бөлу» деді.

«Red Bull» командасымен 2010-2013 жылдары қатарынан төрт әлем чемпионатында жеңіске жеткен Феттель карьерасында 53 гран-при мен 57 "pole" жеңіп, 122 рет жеңіс тұғырына шыққан.

Ол  Льюис Гамильтон (103) мен Михаэль Шумахерден (91) кейін 53 гран-при жеңісімен жарыста ең көп жеңіске жеткен жүргізушілер тізімінде үшінші орында тұр.



Ұқсас жаңалықтар