Кахраманмараш Expo 2022 жәрмеңкесіне қатысты
Голландияда «Ай мен жұлдызды бақша» Түркиядан апарылған гүлдермен безендірілді.

EXPO 2023 көрмесінің үй иесі болатын Кахраманмараш Голландияда өткен Expo 2022 жәрмеңкесіне қатысты.
Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен Түркияға Оникишубат қала әкімшілігі өкілдік етті.
Голландияда «Ай мен жұлдызды бақша» Түркиядан апарылған гүлдермен безендірілді.
Expo 2022 көрмесінде «Қоршаған ортаға зиянсыз сарай» тақырыбы аясында түрік туының мотивімен Түркия сарайы ашылды.
Түркия сарайының бетін Оникишубат қала әкімі Ханефи Махчичек ашты.
Түркия сарайында жаңғақ ағашы оюы, мәрмәр, ебру өнері, каллиграфия және шыны бұйымдарының үлгілері қойылды.
Голландияда өткен Expo 2022 жәрмеңкесінде Кахраманмараштың дәмдері көрермендерді тәнті етті.
Жәрмеңкеде Кахраманмараштың тіркелген саудамаркасы Мараш балмұздағы мен тархана сорпасы ұсынылды. Балмұздақ шоуы да қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Ұқсас жаңалықтар

«Он бір айдың сұлтаны» ораза айы ертең басталады
Дін істері басқармасы биылғы ораза айдың тақырыбын «Ораза және ынтымақ» деп белгіледі.

Шентоп Наурыз мерекесімен құттықтады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Наурыз мерекесімен құттықтады