Анталияға келген турист саны артты

Биыл Анталияға әуе жолдары арқылы келген шетелдік турист саны 4 миллион 11 мың 508 адамға жетті.

1848807
Анталияға келген турист саны артты

Биыл Анталияға әуе жолдары арқылы келген шетелдік турист саны  өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 193 пайыздық артумен, 4 миллион 11 мың 508 адамға жетті.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің ықпалымен 2021 жылы Анталияяға 9 миллион турист келді. 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда турист саны көп артты.

Мәдениет және туризм министрлігінің атқарған қауіпсіз демалыс сертификаты, туризм секторының ұсынған қауіпсіз және жоғары сапалы қызметі туристтердің көп келуіне себепкер болды.

2022 жылының 1 қаңтар және 26 маусым кезеңінде қалаға әуе жолымен келген турист саны өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 193 пайыздық артумен, 4 миллион 11 мың 508 адамға ұласты.

Анталияға  өткен жылдың бірдей мезгілінде 1 миллион 368 мың 630 турист келсе, биыл тек 1-26 маусымда турист саны 1 миллион 596 мың 201-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар