Қытайда Айдаһар қайықтары фестивалі өтті

Қытайда өткен Айдаһар қайықтары фестиваліне 3-5 маусым арасында 80 миллион кісі қатысқан.

1838398
Қытайда Айдаһар қайықтары фестивалі өтті

Қытайда Айдаһар қайықтары фестивалі тойланған 3-5 маусым арасында 80 миллион кісі ел ішінде саяхат еткені хабарланды.

Мәдениет және Туризм министрлігінің мәлімдемесінде биыл 3 маусымда тойланған және апта соңы демалысымен бірлескен 3 күндік фестивальде ел ішінде 79.61 миллион  адам саяхат жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде демалыс кезінде ішкі туризм кірісінің 25.82 миллиард юаньға (3.85 миллиард доллар) жеткені хабарланды.

«Дуанву» деп аталатын Айдаһар қайық фестивалі Қытайдың дәстүрлі күн тізбесіне сай жылдың ортасына тура келетін 5 айдың 5 күні тойланады.

Айдаһар қайық фестивалі өзендерде топтық қайық жарыстары мен мерекеге арналған бамбук немесе қамыс жапырақтарына оралған глютинді күріш және қызыл бұршақтармен толтырылған самсаларымен танымал.



Ұқсас жаңалықтар