Иран "Nur-2" атты зымыранды ұшырды

Иран "Nur-1" атты тұңғыш әскери жасанды серігін 2020 жылы сәуірде ұшырды.

1791856
Иран "Nur-2" атты зымыранды ұшырды

Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы елдің "Nur-2" атты екінші әскери жасанды серігінің ұшырылғанын хабарлады.

Иран Мемлекеттік телеарнасы "Nur-2" атты әскери бақылау жасанды серігі  Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы тарапынан астана Тегеранның 330 километр солтүстік шығысындағы Шахруд шөлінен «Касид» (Елші) атты жасанды серік зымыран-тасығыштың көмегімен ұшырылғанын хабарлады.

Жер шарынан 500 километр алыстағы орбитаға табыспен орналасқаны жеткізілген жасанды серіктің Иранның  орбитадағы екінші әскери серігі екені білдірілді. 

Иран тұңғыш ұлттық жасанды серігін 2009 жылы ақпанда ғарышқа жолдаған еді.  "Nur-1" атты тұңғыш әскери жасанды серігін 2020 жылы сәуірде ұшырды.

АҚШ пен батыстық одақтастары Иранның балистикалық зымыран іс-шараларының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231-ші номерлі шешіміне қайшы екенін, Иранның "Орта Шығыс пен Еуропаға қауіп төндірген құрлықаралық балистикалық зымыран бағдарламасын жасанды серік жұмыстарының артына жасырғанын" алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар