Гөбеклитепе туристерді тәнті етуде

Гөбеклитепеге деген қызығушылық артуда.

1791866
Гөбеклитепе туристерді тәнті етуде

Гөбеклитепеге шетелдіктер қатты қызығушылық көрсетуде.

Шанлыурфада 12  мың жылдық тарихымен «Тарих басталған жер» деп аталған және ресми ашылуы президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан 2019 жылы 8 наурызда жасалған  Гөбеклитепе  мұражай комплексіне деген қызығушылық жыл сайын артуда. 

Гөбеклитепе  ЮНЕСКО Әлем мәдени мұра тізімінде орын алған. «Гөбеклитепе жылы» деп жариялануының арқасында Шанлыурфадағы Гөбеклитепеде шығарылған тарихи жәдігерлерге және «Түркияның ең үлкен мұражайы» атағына ие.

Гөбеклитепе археологиялық қазба алаңының тізімде орын алуының ең маңызды ерекшелігі – тарихта белгілі тұңғыш ең үлкен ғибадатхана болуы.

Шанлыурфа Археология мұражайы бас директоры Джелал Улудағ 12000 жылдық тарихы бар осы наным орталығының өте маңызды екенін түсіндірді.

Гөбеклитепеге шетелдіктердің  қатты қызығушылық көрсеткенін түсіндірген Улудағ былай деді: "2019 жылы Гөбеклитепеге  500 мың турист келсе, 2021 жылы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан бұл сан 600 мыңға ұласты".

 



Ұқсас жаңалықтар