Швецияда 800 жылдық кеме қалдығы табылды

Фьялбека жағалауындағы 800 жылдық ағаш кеме Еуропада қазірге дейін табылған ең байырғы кеме қалдығы екені білдірілді.

1774865
Швецияда 800 жылдық кеме қалдығы табылды

Швецияның оңтүстік-батысындағы Фьялбека жағалауында 800 жылдық ағаш кеме қалдығы табылды. 

Гетеборг университетінің археологтары суға сүңгу кезінде тапқан қалдықтар Еуропада қазірге дейін табылған ең байырғы кеме қалдығы екені білдірілді.

Гетеборг университетінің мәлімдемесінде Фьялбека жағалауындағы Динго аралының жанынан табылған кеменің 1233-1240 жылдардан қалғаны межеленуде.

Қазба жобасының директоры Стаффан фон Арбин:

"Ортағасырдағы Ганзалық  Одаққа байланысты жазба деректерде осы кемеден жиі сөз қозғалады. Алайда мұндай кемелер Ортағасыр бойынша солтүстік Еуропада кең таралған. Сонымен бірге бұл Еуропада қазірге дейін табылған ең байырғы кемелердің бірі" деді.

Кеменің әңгімесін және неліктен батқанын әлі білмегендерін айтқан Стаффан фон Арбин:

"Кемеге қарақшылар шабуыл жасаған болуы мүмкін. Жазба деректер бізге Бохусланды қамтыған Норвегияның оңтүстік жағалауында Ортағасыр бойынша қарақшылар ойнақ салған кезеңдер болғанын айтуда.  Сонымен бірге бұл жай апат болуы да ықтимал. Кеменің соғыс кезінде батқан болуы да мүмкін.  12-ші ғасырдың алғашқы 10 жылында Норвегияда тақ үшін ішкі күрестер мен шайқалыстар болды" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар