Ривс «Матрица» фильмінен тапқан ақшасын қатерлі ісік ауруын зерттеуге аударған

Қайырымдылық сомасы шамамен 31 жарым миллион долларды құрайды.

1756999
Ривс «Матрица» фильмінен тапқан ақшасын қатерлі ісік ауруын зерттеуге аударған

Белгілі актер Киану Ривз «Матрица» фильмінен тапқан ақшасының 70 пайызын қатерлі ісік ауруын зерттеуге аударған.

Америка баспасөзі Ривздің 1999 жылы шыққан «Матрица» фильмінен түскен табысының 70 пайызын лейкозды зерттеуге жұмсағанын жазды.

Қайырымдылық сомасы шамамен 31 жарым миллион долларды құрайды.

Белгілі актердің қарындасы лейкозбен күресіп жүргендіктен, Киану Ривздің бұл мәселеде сезімтал екені белгілі.

Қарындасын емдегеннен кейін Ривз онкологиялық зерттеулерге көмектесуді жалғастырды және өзінің онкологиялық қорын құрды.

Ривз бұл мәселеде атының аталғанын қаламайды, жар салмай құрылған қор жұмыстарын жалғастырып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар