СКТР-де Түріксой көрмесі ашылды

Көрмеде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның табиғаты, тарихы, сәулет өнері мұралары қойылды.

1729013
СКТР-де Түріксой көрмесі ашылды
kktc Turksoy fotograf sergisi.jpg
kktc Turksoy fotograf sergisi1.jpg
kktc Turksoy fotograf sergisi2.jpg
kktc Turksoy fotograf sergisi3.jpg

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Түркі Республикалары тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Түріксой Сурет көрмесі" ашылды.

Таяу Шығыс университеті мен Халықаралық Түрік Мәдениет мен өнер ұйымы Түріксойдың ынтымақтастығымен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таяу Шығыс университеті Ататүрік Мәдениет және конгресс орталығы Сурет залында сурет көрмесі ашылды.

Көрмеге президент Ерсин Татар, Денсаулық сақтау министрі Үнал Үстел, Түркияның СКТР өкілетті елшісі Али Мұрат Башчери, Түріксой Бас директоры Дүйсен Қасейінов және басқа қонақтар қатысты.

Ерсин Татар:

"Түркі Республикалары 30 жылдың алдында тәуелсіздік алды. Біз де ұлы күрестермен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Өз болашағымызды белгілеу құқығының бір бөлшегі ретінде Кипрдегі түрік халқы егемендігі мен болмысын тәуелсіз бір республикада жалғастыру жігерін көрсетті. Жақын болашақта СКТР-ның тәуелсіздігінің танылуымен Түркі Кеңесінде тұрақты мүшелік орнын алатынына сенемін. Біздің орнымыз Түрік әлемінде" деді.

Көрмеде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның табиғаты, тарихы, сәулет өнері, адамзат көріністері мен мәдениет және өнерін суреттеген мұралар көрермендерге ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар