Хүррем Сұлтанның портреті 126 мың стерлинге сатылды

Османлы Империясының оныншы падишахы 1-ші Кануни Сұлтан Сүлейманның портреті 11 мың 340 стерлинге иесін тапты.

1725918
Хүррем Сұлтанның портреті 126 мың стерлинге сатылды

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы аукцион үйі "Sotheby’s" ұйымдастырған аукционда Османлы Империясының оныншы падишахы 1-ші Кануни Сұлтан Сүлейманның жұбайы Хүррем Сұлтанның портреті 126 мың стерлинге сатылды.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы аукцион үйі "Sotheby’s" ұйымдастырған "Ислам әлемі және Үндістан өнері" тақырыпты аукционда 1000 жылдық тарихи мұралар, портрелер мен қолөнер бұйымдары сатуға ұсынылды.

Аукционда 13-ші ғасырдағы метал өнерлері,  2 жұп гауһар, алтын жалатылған Құран Кәрім, астрономиялық жабдықтар, Иран миниатюралары және поляк кілемі сатылған мұралар арасында орын алды.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы аукцион үйі "Sotheby’s"-тің Түркиядан Изник керамика мұралары да сатылған аукционында  венециялық суретші Титанның мұрагері тарапынан 16-шы ғасырдың соңы мен 17-ші ғасырдың бастарында салынғаны межеленген Хүррем Сұлтанның  портреті де сатылды.

70 мың стерлиннен сатуға шығарылған мұраға 100 мың стерлин берілді. Алушы сурет үшін қосымша қаражаттарды қосқанда 126 мың стерлин төлейді. 

Османлы Империясының оныншы падишахы 1-ші Кануни Сұлтан Сүлейманның қызы Михримах Сұлтанның екі портреті 13 мың 860 стерлин және 17 мың 600 стерлинге сатылды.

Османлы Империясының оныншы падишахы 1-ші Кануни Сұлтан Сүлейманның портреті 11 мың 340 стерлинге иесін тапты.



Ұқсас жаңалықтар