Галатасарай Мәскеуде ойнайды

Мәскеудегі матч Түркия уақытымен сағат 22-де басталады.

1722710
Галатасарай Мәскеуде ойнайды

Түрік командасы Галатасарай UEFA Еуропа лигасы E тобының үшінші аптасында бүгін Ресейдің Локомотив Мәскеу командасымен ойнайды.

Мәскеудегі матч Түркия уақытымен сағат 22-де басталады.

Матчты Австрия Футбол федерациясынан Гаралд Лечнер басқарады.

Топтағы алғашқы матчында Италия командасын 1-0 есебімен жеңген Галатасарай екінші матчта Францияның өкілімен тең түсті.

Екі матчтан кейін 4 ұпай жинаған түрік командасы топта көш бастап тұр. Енді Ресейде жеңіске жетіп, лидерлікті жалғастырғысы келеді.



Ұқсас жаңалықтар