Түркия Зағанос паша қоры жарғысының қайтарылуын талап етті

Аукционда сатылатын Зағанос паша қорының жарғысын Түркияға қайтару үшін Интерполға өтініш берді.

1719602
Түркия Зағанос паша қоры жарғысының қайтарылуын талап етті

Ұлыбританиядағы бір аукционда сатылатын Зағанос паша қорының жарғысын Түркияға қайтару үшін Халықаралық полиция ұйымына (Интерпол) өтініш берілді.

Қорлар Бас дирекциясының мағлұматтарына қарағанда Балыкесир қаласындағы Зағанос паша қорының құрылу мақсаты мен шарттары қамтылған, хижраның 866 жылы (1462ж.) жазылған жарғысы ұзақ жылдардан бері іздестірілетін. Жарғының 21 қазан күні Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы бір аукционда сатылатыны білдірілген соң Түркия қозғалды.

Аталмыш құжаттың Қорлар Бас дирекциясы тіркеу басқармасы мен Мәдени мұра мен мұражайлар бас дирекциясының Контрабанда басқармасы тарпынан 1918-1920 жылдары арасында ағылшындар Стамбулды басып алған кезде ұрланған жәдігерлердің бірі екені анықталған соң кеше Интерполға Түркияға қайтарылуы үшін өтініш берілді.

Фатих Сұлтан Мехмет Ханның қолтаңбасы мен Зағанос паша қорының барлық хаттамалары орын алған жарғы «Бисмилла» деп басталады. Қара сиямен қолжазба ретінде дайындалған жарғыда сондай-ақ қордың негізін қалаушылардың есімдері де орын алады. Қызыл тоқымамен жартылай күшейтілген жарғының соңғы жолында күні қойылған.

114x20,5 сантиметрлік өлшемді туындының аукциондағы бастапқы бағасы 80 мың стерлинг екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар