Әнші Халук Левенттің "Қызыл Армия" хорымен концерті тәнті етті

Әнші Халук Левент пен Ресей «Қызыл Армия» хорының Түркия концерті ертең Бурса қаласында аяқталады.

1717344
Әнші Халук Левенттің "Қызыл Армия" хорымен концерті тәнті етті

Әнші Халук Левент пен Ресейдің «Қызыл Армия» хорына измирліктер үлкен қызығушылық танытты.

Борновада «Ашык Вейсел» атындағы ашық аспан театрындағы концерт «Қызыл Армия» әскерлері тарапынан Түркия мен Ресей байрақтарының сахнаға қойылуының артынан орыс әскери марштарымен басталды.

Концертте әнші Халук Левент шырқаған "Харбийе", "Чанаккале" халық әндері мен "Измир" маршы келушілерді тәнті етті.

Концертте орыс би ансамблінің шоуы мен Республикалық марштар үлкен назар аударды.

Халук Левент және Ресей «Қызыл Армия» хоры мемлекеттік марштар мен ұлттық әндер шырқаған мәдени іс-шара 27 қыркүйек күні Стамбулда басталып, кезегімен Анкара, Мерсин, Адана, Кония, Манавгат, Анталия, Фетхие мен Измирді қамтитын халық концерттерімен жалғасты.

Халық концерттерінің соңғысы  ертең Бурса қаласында болмақ.



Ұқсас жаңалықтар