Жан-Поль Бельмондо 88 жасында қайтыс болды

Жан-Поль Бельмондоның адвокаты Мишель Годест француз актердің Париждегі үйінде көз жұмғанын хабарлады.

1703549
Жан-Поль Бельмондо 88 жасында қайтыс болды

Француз кинематографиясының әйгілі актерлерінің бірі Жан-Поль Бельмондо 88 жасында қайтыс болды.

Жан-Поль Бельмондоның адвокаты Мишель Годест француз актердің бас қала Париждегі үйінде көз жұмғанын хабарлады.

"Bebel" атымен танымал және 60 жылда 80 фильм түсірген актер соңғы 50 жылда түсірген фильмдерімен әлем кинематография тарихына атын жаздырды. 

Францияда кейде театрландырылған қойылымдарда рол сомдаған Жан-Поль Бельмондо 1970-80 жылдары экшн және комедиялық фильмдерімен кино сүйер қауымның сүйіктісіне айналды.

Ален Делон  ''Borsalino'', ''Flic ou voyou'', ''Le Marginal'', ''Le Cerveau, ''L'as Des As'' және ''Le Professionnel'' фильмдері актердің атағын жоғарлатты.

Танымал актер 2001 жылы миына қан құйылып науқастанды, алайда спорт пен шыдамдылығы арқылы сақайып кетті.



Ұқсас жаңалықтар