Түрік фильмі үш жүлдемен келді

«Pota» фильмі Испаниядан үш жүлдемен оралды.

1696574
Түрік фильмі үш жүлдемен келді

Халил Кардаш продюссерлігін, Ахмет Токлу сценарийін жазып, режиссерлігін атқарған «Pota» фильмі Испаниядан үш жүлдемен оралды.

Түркия Телерадио корпорациясымен бірге түсірілген фильм бұдан бұрын да Испаниядағы Гердания Халықаралық фильм фестивалінде жүлде алған еді.  Енді Calzada de Calatrava Халықаралық фильм фестивалінде «Үздік режиссер», «Үздік фильм/көрермен», «Үздік екінші актриса» жүлделеріне лайықты деп табылды.

Алп Акар, Бахар Хажыбекташоғлу, Сибел Мелек Арат, Егемен Алмажы, Мерт Ердоғду, Мехмет Халил Челик, Самет Севтекин, Мирач Челен,  Өзгүр Дерели, Бурхан Йылдыз ойнаған фильмге  ТР Мәдениет және туризм министрлігі де қолдау берді.

Фильм әлемдік премьерасын 51-ші Гиффони фильм фестивалінде өткізген болатын. Аталмыш фильм баскетбол ойнауға тырысқан кедей балалардың өмірін арқау қылған.



Ұқсас жаңалықтар