Паралимпиада да көрерменсіз өтеді

2020 Паралимпиада ойындары TRT Spor және TRT Spor Yıldız каналдарынан тікелей эфирде жарияланады.

1692257
Паралимпиада да көрерменсіз өтеді

2020 Токио олимпиада ойындарынан кейін паралимпиада да көрерменсіз өткізіледі.

Халықаралық Паралимпиада комитеті, Токио әкімдігі және Жапония үкіметі арасындағы жиналыстан осындай шешім шықты.

Жапония Паралимпиада комитеті ковид-19 оқиғаларының олимпиада ойындарына әсер етуінің өте қайғылы оқиға екенін атып, стадионмен бірге жол бойындағы шараларға да көрермен қатыспауын сұрады.

Мектеп жасындағы балалардың жергілікті басшылар немесе мектеп басшыларының талабына сай ойындарды тамашалуына рұқсат беріледі.

Жапонияның бас қаласы Токиода 12 шілдеден бері төтенше жағдай жарияланды. Олимпиада ойындары да коронавирус салдарынан көрерменсіз өтті.

24 тамыз- 5 қыркүйек арасында өтетін 2020 Паралимпиада ойындары TRT Spor және TRT Spor Yıldız каналдарынан тікелей эфирде жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар