7 минутта таусылды

Жұлдыздың нөмірі жазылған форма 157 евродан сатылды.

1690409
7 минутта таусылды
6.JPG

Месси PSG командасымен келісімге келгеннен кейін форма саудасы шарықтау шегіне шықты.

Жылдың үздік трансфері Месси жаңа командасымен келісімге отырғаннан кейін француз жанкүйерлер аргентиналық жұлдыздың формасын сатып алу үшін жарысты. Футболшының формасы бірнеше минуттың ішінде таусылды.

Ресми деректерге қарағанда, Лионель Мессидің 30 нөмірлі «Пари Сен-Жермен» командасындағы формасы клубтың ресми дүкенінде 7 минутта 150 мың дана сатылды. Жұлдыздың нөмірі жазылған форма 157 евродан сатылды.  7 минутта 23 миллион 550 мың евро табыс түсті.



Ұқсас жаңалықтар