Медаль тізімінде Түркия 35-ші кезекте

Түрік спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 9 қола медаль алды.

1687780
Медаль тізімінде Түркия 35-ші кезекте

2020 Токио Олимпиада ойындарын 113 медаль алған Америка Құрама Штаттары алда аяқтады.

АҚШ спортшылары 39 алтын, 41 күміс және 33 қола медаль алды.

Қытай 88 медальмен екінші орын алды.  Қытайлар 38 алтын, 32 күміс және 18 қоламен олимпиаданы аяқтады.

Олимпиада ойындарын өткізген Жапония 27 алтын, 14 күміс және 22 қола медальді қоржынына салды.

Ұлыбритания болса 22 алтын, 21 күміс және 22 қола медальді иеленді.

Ресей олимпиада комитеті 20 алтын, 28 күміс және 23 қола медальмен бесінші орында.

Медаль тізімінде Түркия 35-ші кезекте. Түрік спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 9 қола медаль алды. 2020 Токио Олимпиада ойындары Түркияның ең көп медаль алған олимпиадасы ретінде тарихта қалады.



Ұқсас жаңалықтар