Түрік Әуе жолдары - Еуропаның үздігі

ТӘЖ 15-21 наурыз арасында күніне ұшқан орташа 670 рейспен Еуропада бірінші орында.

1606165
Түрік Әуе жолдары - Еуропаның үздігі

Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) 15-21 наурыз арасында күніне орташа ұшқан 670 рейсімен Еуропада бірінші орнын қорғады.

Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған мағлұматтар бойынша Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) 15-21 наурыз арасында күніне орташа ұшқан 670 рейсімен еуропалық қарсыластарын артта қалдырды.

Тізімде Түрік Әуе жолдарының артынан 362 рейсімен Air France екінші орынды иеледі. Pegasus әуекомпаниясы болса 285 рейспен тізімде 3-ші орынға көтерілді. 4-ші орында 273 рейспен Люфтганза, 5-ші орында 272 рейспен Wideroe, ал 6-шы орында 248 рейспен KLM Royal Dutch әуекомпаниялары орын алады.

Рапортта алдыңғы аптамен салыстырғанда барлық рейстер санының 4 пайызға өскені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар