Ұлттық әнұран 100 жылдығында әлемнің түкпір-түкпірінде орындалды

Сыртқы Істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ұлттық әнұранның 100 жылдығын құттықтады.

1599804
Ұлттық әнұран 100 жылдығында әлемнің түкпір-түкпірінде орындалды

Сыртқы Істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әлемнің түкпір-түкпірінде әнұранның саз аспаптармен орындалған бейнекөрінісін әлеуметтік желіден бөлісу арқылы ұлттық әнұранның 100 жылдығын құттықтады. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Бүкіл әлемде бір дауыс, бір толқумен! Түркияның ұлттық әнұраны 100 жаста» деген жазбамен бөлісті.

Ұлттық әнұранның Германиядан Қазақстанға, Малайзиядан Америка Құрама Штаттарына, Оңтүстік Кореядан Туниске дейін көптеген елде саз аспаптармен орындалған көріністерді біріктіру арқылы дайындалған бейнекөріністе 24 елден сазгерлер үлес қосты. 



Ұқсас жаңалықтар