Германия қала әкімі қайырымдылық жасаған түрік жастарын мақтады

Фельклинген қала әкімі Кристиана Блотт рәсімдегі сөзінде  мешіттің жастар қоғамы мүшелерін  мақтады.

1550280
Германия қала әкімі қайырымдылық жасаған түрік жастарын мақтады

Германияның Фельклинген қаласындағы Дін істері Түрік-Ислам Одағы Селимие мешіті жастар ұйымы мүшелері Регенбоген бастауыш мектебіне 5 мың евро бағыш жасады.

"Ашық мешіт күні және мәдениет аптасы" іс-шараларында жастар тарапынан басталған "Бір жақсылық жаса" атты жәрдем кампания аясында түскен кірістер ұйымдастырылған рәсіммен мектеп директорына тапсырып берілді.

Фельклинген қала әкімі Кристиана Блотт рәсімдегі сөзінде  мешіттің жастар қоғамы мүшелерін  мақтады. 

Жастардың жұмыстарын қадағалап отырғанын, бұдан кейін жасайтын жобаларға қолдау беретінін айтқан Блатт "Жастардың мағыналы кампаниясынан қатты әсерлендім. Жастардың көптеген керемет жұмыстар істейтіндеріне сенемін" деген сөздер қолданды. 

Бастауыш мектеп директоры Петра Питилло түрік тілінде сәлем берумен бастаған баяндамасында "Осындай мағыналы жәрдем жасаған Селимие мешітіне мектептің мұғалімдері мен оқушылары атынан алғыс айтамын" деді. 

Селимие мешіті қоғамы төрағасы Камуран Башпынар да істеген жұмыстарына тоқталып, білім беруге жасалған жәрдемнің болашаққа жасалған бір қайырымдылық екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар