Бейл 7 жылдан кейін Тоттенхэмде гол салды

Тоттенхэм командасы Брайтон командасын 2-1 есебімен жеңді.

1519873
Бейл 7 жылдан кейін Тоттенхэмде гол салды

Ұлыбританиядағы Премьер лиганың 7-ші аптасында Тоттенхэм командасы Брайтон командасын 2-1 есебімен жеңді.

Тоттенхэмда бұдан бұрын 2007-2013 жылдар арасында ойнаған Бейл 7 жыл 166 күннен кейін қайтадан командасы үшін гол салды.

Тоттенхэм Хотспур стадионында болған матчты жақсы бастаған команда 13-ші минутта пенальтиден Гарри Кейннің гөлімен 1-0 алға шықты. Бірінші жарты осы нәтижемен аяқталды.

Екінші жартының басында жылдам ойнаған Брайтон командасы 56-шы минутта Тарик Лэмптидің голімен теңдікке қол жеткізді.

Тоттенхэм 70-ші минутта ойынға кірген Гарет Бейлдің голімен 2-1 есебімен жеңді.

Осы қорытындымен ұпайы 14 болған Тоттенхэм командасы лигада екінші орынға орналасты.



Ұқсас жаңалықтар