TRT-ден жаңа сериал
«Ояну: Ұлы Селчук» атты сериялының бірінші бөлімі 28 қыркүйекте жарияланады.
Түркия Радио және Теледидар Корпорациясының (ТРТ) Селчук империясы жөніндегі жаңа «Ояну: Ұлы Селчук» атты сериялының бірінші бөлімі 28 қыркүйекте жарияланады.
ТРТ жасаған мәлімдемеге сәйкес, өткен аптада есімсіз таратылған алғашқы жарнамалық фильмімен назар аударған қойылымның аты екінші тұсаукесерде «Ояну: Ұлы Селчук» ретінде таныстырылды.
Жаңа эфирлік кезеңге тамаша телехикаялармен кіруге дайындалып жатқан ТРТ 1-де «Қылышпен жарқырап, қаламмен жарықтандырылған ғасырдың» хикаясын баяндайтын «Ояну: Ұлы Селчук» 28 қыркүйек дүйсенбі күні беріледі.
Осы сериал арқылы ТРТ экрандарында жоғары бағаланған «Филинта», «Тірілу Ертұғрыл», «Паитах Абдулхамит» және «Я тәуелсіздік я да өлім» сынды тарихи серияларға тағы бір қуатты қойылым қосылды.
Жаңа қойылым актерлерімен, костюмдерімен, тарихи мекендері және оқиғаларымен назар аударады.
Ұқсас жаңалықтар
10 жасар спортшы үшінші орын алды
Спорттық шара Эгей аймағынан келген каратэ спортсмендеріне бас қостырды.