Еуропа Одағы-Түркия Достық тобы құрылды

Түркия мен Еуропа Одағы арасында мәдени және әлеуметтік алаңдағы қарым-қатынастарды жетілдіруді мақсат еткен Еуропа Одағы-Түркия Достық тобы құрылды.

1433556
Еуропа Одағы-Түркия Достық тобы құрылды

Түркия мен Еуропа Одағы арасында мәдени және әлеуметтік алаңдағы қарым-қатынастарды жетілдіруді мақсат еткен Еуропа Одағы-Түркия Достық тобы Еуропа Парламентінің польшалық  мүшесі Ришард Чарнецкий төрағалығында құрылды.

Еуропа Одағы-Түркия Достық тобының құрылу іс-шарасы топтың  Бас хатшысы түрік текті саяси кеңесші Ипек Текдемирдің басқаруымен интернет арқылы өткізілді.

Іс-шараға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелері, Еуропа Парламентінің мүшелері, Румынияның бұрынғы президенті Траян Бэсеску, Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуроодақ төрағасы Фарук Каймакжы, Түркияның Еуроодақтағы тұрақты өкілі, елші Мехмет Бозай қатысты.

Еуропа Одағы-Түркия Достық тобының төрағасы Ришард Чарнецкий  бағдарламадағы сөзінде барлық қатысушыларға түрікше алғыс айтты, топтың саясатшылар, іскерлер әлемі, азаматтық ұйымдар және халықтар арасындағы қарым-қатынастарды мәдени іс-шаралар және ортақ құндылықтар жолымен жетілдіруді мақсат еткенін айтты.

Румынияның бұрынғы президенті Траян Бэсеску достық тобының құрылуымен қатысқанына және "Түркияның досы" болуды жалғастырғанына риза екенін тілге тиек етті. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуроодақ төрағасы Фарук Каймакжы:

"Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастар қолға алынатын көптеген форумдар бар, алайда достық өте маңызды. Сол себепті Еуропа Одағы-Түркия Достық тобы ерекше мәнге ие болып табылады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар