Анталия Украина туристтерін күтуде

Хоменко Анталияның әлемнің ең керемет демалыс орындарының бірі  екенін білдіріп, демалыс жоспарын жасаған украиналықтарды күткендерін айтты.

1431647
Анталия Украина туристтерін күтуде

Украинаның Анталия консулы Вячеслав Хоменко Анталияның табиғаты сұлу, жағажайы тамаша, тарихи жерлері көп әлемнің ең керемет демалыс орындарының бірі  екенін білдіріп, демалыс жоспарын жасаған украиналықтарды күткендерін айтты. 

Түркияда жаңа коронавирус індетімен күресу аясында бірқатар алдын алу шаралар атқарғанын жеткізген Хоменко бұның да болымды нәтижесінің болатынын білдірді. 

Украина мен Түркия арасында 1 шілдеден бастап, өзра рейстердің басталатынына тоқталған Хоменко "Жаңа коронавирус індетімен күресуде Түркия жасаған шаралар арқылы болымды нәтижелерге қол жеткізді. Сондықтан Түркия демалыс үшін ең ыңғайлы елдің бірі. Өткен жылы 1,5  миллион Украина азаматы Түркияға демалысқа келген еді. Індет процесі салдарынан бұл санақ азаюы мүмкін. Алайда турист санында көп азаю болуын күтпейміз. 10 мыңға тарта Украина азаматы Түркияда өмір сүруде" деді. 

Хоменко Түркияның демалыс үшін өте керемет бір ел екенін баяндап, "Украина азаматтары демалыс үшін Анталияны таңдайды. Украинадан Түркияға келген украиналықтардың саны жыл сайын 20 пайыз артуда" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар