Құран оқу байқауы нәтижеленді

Құран Кәрім оқу байқауының ақтық сайысы кеше болып өтті.

1420713
Құран оқу байқауы нәтижеленді

Түркия Телерадио корпорациясы тарапынан 2017 жылдан бері рамазан айына байланысты арнайы ұйымдастырылған Құран Кәрім оқу байқауының ақтық сайысы кеше болып өтті. 

Президент Режеп Тайып Ердоған TRT тарапынан 2017 жылдан бері рамазан айында ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың ақтық сайысына видео конференция арқылы қатысты.  Ол байқау қатысушыларын құттықтады. 

Ердоған осында сөйлеген сөзінде Құран оқудың рамазан айын тамаша өткізудің жақсы жолы екенін айтты. Ол байқауды ұйымдастыруға еңбегі сіңген Дін істер басқармасы төрағасы Али Ербаш пен TRT бас директоры Ибрахим Еренге алғыс айтты. 

TRT бас директоры Ибрахим Ерен болса осы байқаудың жыл өткен сайын көп тамашаланған және мақтау алған бағдарлама болғанын айтты. 

Байқауда Хүсейін Акбулут бірінші,  Мұхаммед Сизжан екінші, Еюп Енсар Кылыч болса үшінші орын алды.  Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар