Түркияда туризм аттанысы басталды

Министр Ерсой мамыр айының соңында ішкі, маусым айының соңында сыртқы туризм қызметінің басталатынын хабарлады.

1414495
Түркияда туризм аттанысы басталды

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның туризм жол картасын жариялады.

Министр Ерсой мамыр айының соңында ішкі, маусым айының соңында сыртқы туризм қызметінің басталатынын хабарлады.

Мәлімдемеге қарағанда әуежайларда және шекара қақпаларда жергілікті және шетелдік барлық туристерге 2-3 минутта сынама жасалады.

Қонақ үйлер мен асханаларда үстелдердің арасы бір жарым метр, орындықтардың аралығы 60 сантиметр болады. Барлығы ішінде қызмет жүйесі жалғасады. Ашық үстелдерде тамақ беру жалғасады, тек ұсыну түрі өзгереді.

Туризм аттанысы үшін Мәдениет және туризм министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі жұмысқа кірісті.

Жоспарға сай шетелдік әріптестерге ізгі ниет хаты жолданады. Екі министр де алғашқы сатыда 70 әріптесімен телефонда сөйлеседі. 

Телефондағы әңгімелерде туризмде жасалған шаралар және Түркияның денсаулық сақтау жүйелері таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар