Бүгін Түркияда – Радио күні

Түркия Телерадио корпорациясы Радио күнін тыңдармандарымен тойлауда.

1412005
Бүгін Түркияда – Радио күні

Бүгін Түркияда – Радио күні.

Түрік радио саласының 93 жылдық тамырлы тарихынан күш алған Түркия Телерадио корпорациясы Радио күнін тыңдармандарымен тойлауда.

Түркияда бірінші рет ресми радио трансляциясы 1927 жылдың 6 мамыр күні басталды. 2009 жылдан бері осы атаулы күн TRT Радио күндері шараларында тойланып келді. Биылғы Радио күндері болса коронавирусқа байланысты өткізілмеді.

TRT Радио басқармасының басшылығында биылғы мереке TRT радиоларының эфирлерінде,  үйлерде тойлануда.

TRT радио өнер қайраткерлері TRT Стамбул эстрада және джаз оркестрінің шағын концерттерінде «Үйде бол»  деп шақырады.

Түркияда 1927 жылы Стамбул Сиркеджиде тұңғыш анонспен басталған радио трансляциясы 1964 жылы TRT-нің құрылуына іргетас қалады.

Бүгінгі күні TRT радиолары 93 жылдық тамырлы тарихынан нәр алып, мемлекеттік қызметтің көш бастаушысы болып келеді.



Ұқсас жаңалықтар