2020 жылының алғашқы айында Түркияға көп турист келді

2020 жылының қаңтар айында Түркияға 1 миллион 787 мың 435 шетелдік турист келді.

1365449
2020 жылының алғашқы айында Түркияға көп турист келді

Туризмде 2019 жылын рекордпен жапқан Түркия шетелдік туристті күтіп алуда тарихтың ең жоғарғы деңгейіне жетті.

Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда 2020 жылының қаңтар айында Түркияға 1 миллион 787 мың 435 шетелдік турист келді.

Өткен жылмен салыстырғанда шетелдік турист санында 16,11 пайыздық арту болды. Осылайша Түркия шетелдік туристті күтіп алуда тарихтың ең жоғарғы деңгейіне жетті.

Мәдениет және туризм министрлігінің санақтарына қарағанда Түркияға ең көп турист жіберген елдер қатарында өткен жылмен салыстырғанда 21,22 пайыздық артумен Болгария бірінші орын алды.

Ретінмен 18,06 пайыздық артумен Грузия екінші, 42,40 пайыздық артумен де Ресей үшінші орынды иеледі.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар