Түрік донері Дубайде таныстырылады
Дубайдегі Gulfood 2020-да түрік донері таныстырылады.
1358298
Түрік донері Дубайде таныстырылады.
Донер қауымдастығының хабарына қарағанда, донер өндірушілері әлемнің ең маңызды азық-түлік және сусын көрмелері арасында көрсетілген Дубайдегі Gulfood 2020-да түрік донерін таныстырады.
16-20 ақпан күндері арасында 25-ші рет өтетін көрмеге 100 мыңнан астам кәсіпкер қатысады. 200-ден астам елден келген қонақтарға түрік донері ұсынылады.
Хабарламада көзқарастарына орын берілген Донер қауымдастығының төрағасы Мұхаммед Незиф Эмек: «Бұл көрме тек аймақ елдері емес, бүкіл әлемнің ең маңызды секторлық кездесуі. Толығымен кәсіпкерлерге бағытталған көрме. Түрік донерінің әлемдегі танытушысы ретінде біз де стендімізді ашамыз» деді.