Еуразия күн тәртібі - 4

4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарының Түркияға тигізетін  пайдасы мол.

1344891
Еуразия күн тәртібі - 4

Бүгінгі бағдарламамызда Бурсада өткізілетін 4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарының Түркияға тигізетін  пайдасына тоқталамыз.

3-ші кезекті  Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары 2018 жылы 2-8  қыркүйек күндері арасында Қырғызстанда ұйымдастырылды. 2020 жылы 17 қаңтарда Қырғызстан Мәдениет, информация және туризм министрі Азамат Жаманқұлов келесі ойындардың Изникте өтетінін хабарлады.  Осыған байланысты Бүкіллемдік Көшпенділер ойындарының Түркияға не әкелетініне тоқталған жөн.

Түркия үшін 4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарының бірқатар пайдалары бар. Алдымен Түркия қоғамы мен халқы осы жаңа ойын түрлерін танып, қабылдайды. Анадолы халқының осы ойындарды қабылдауы өзге Түркі Республикалары халықтарымен жақындасуына дәнекер болады.

Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарының түркі халықтарының өздерін әлемге таныстыруына тамаша орай жаратады.

Соңғы ойындарға 3 мыңнан астам спортшы қатысты, 37 спорт түрінде жарыс өтті. Келесі ойындарға кемінде бес мың спортшының қатысуын жоспарлау керек.

Араб және Африка географиясындағы көшпенді ойындарын Түркиядағы ойындарға қосу бізге пайдалы. Түркия ұйымдастырушы ретінде қазірге дейінгі ойындарға қатыспаған көшпенді текті халық пен елдерді Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарына шақырып, халықаралық саладағы орнын бекемдеуі, аталмыш елдермен тың ортақтық байланыс орнатуы әбден мүмкін.

Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарының қыстық және жаздық олимпиадаларға балама болу секілді жасырын күші бар. Олимпиада алауына альтернатива ретінде мұздықтардың суы құйылған торсықты (Көкөр) ұсыну климат мәселесімен күрескен әлем үшін тың түсінік ұсынады. Әлемнің түрліше аймақтарында сөнбейтін және шексіз алауды Түркияның жетекшілігіндегі жаңа бір ұйым қолындағы мұздықтар суымен сөндіріп, бейбітшілік, бауырластық және мұраны жалғастыруға талпынады.

Түркия  4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарына қатысатын елдердің лидерлерін ойынның беташарына шақырып, бейресми БҰҰ жиналысын ұйымдастыру арқылы қазіргі әлем құрылымына наразы  елдердің мәселелерін өзгеше платформа арқылы күн тәртіпке әкеледі.

Соңғы ойынға 60-70 мың туристің келгенін ескерсек, географиялық орнымен Түркияға кемінде жүз мың шетелдік турист келтіруге болады. Аталмыш ойындар туризмге тың тыныс әкеледі.

Осындай іс-шаралар Түрік Кеңесінің мәртебесін арттыруға да қызмет етеді.  Түрік Кеңесі арқылы Түркі Республикалары әлемге үнін анық естірте алады. Стамбұлдағы Түрік Кеңесі офисі 2020 жылы өтетін 4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары үшін ерікті немесе уақытша қызметкерлерді көбейтіп, жұмыстарын көп бағытпен жүргізе бастағаны жөн.

Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары тек қана спорттық іс-шараларымен шектелмей, мәдениет пен өнер салаларында түрліше қимылдарға үй иесі болу арқылы ортақ іс-шараның көлемін кеңейтуіне болады.

4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары аясында Түрік Тарих Кеңесі немесе басқа бір маңызды ұйым Түрік Академиясымен ортақ ірі конференциялар мен құрылтай ұйымдастыруына болады. Көшпенділер мәдениетіндегі түріктердің орны мен көшпенділер философиясының адамзатқа қосқан үлесімен  болшақтағы пайдаларына байланысты әлемге танымал ғалымдар мен ойшылдардың басын қосып, Түркия үшін тың көрініс жаратуға да әбден мүмкін.

Соңғы ойындар әлемдегі 60 елде тікелей эфирде таратылды және 56 елден 604 журналист ойынды бақылады.  Келесі ойындарды жүзден астам елде көрсетуге және жүзден астам елден журналист шақыруға болады.  Осылайша Түркия үшін 4-ші кезекті Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарын Түркия жоғары белеске көтереді.  Түркияның ортақ түркі мұрасына мықты ие болуы және әлемге таныстыруы Түркі Республикалары және қоғамдарымен қарым-қатынастарына да тың көкжиек ашады. Анадолы түркі халықтары үшін тартымды орталыққа айналады.



Ұқсас жаңалықтар